Қанды Қаңтар: Күдікті түрмеде өз-өзіне қол жұмсамақ болған

«Анашым, мен шаршадым»


05/05/2023
12:27 18443 0

Фото: Orda.kz

 

25 жасар Әділ Ахыт қазір Тараздағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Жақында ол әділетсіздіктен шаршағанын айтып, ішіне шеге тығып, өзіне қол жұмсамақ болған. 

 

Әділ Ахыттің анасы Алтыншаш Бекбатшаева Orda.kz редакциясына ұлына жалған айып тағылғанын айтты.

 

 Қазір балама кіріп шықтым, бұндай жағдайға не үшін барғанын сұрадым, ол маған «мама психологиялық тұрғыда шаршадым. Ешқандай әділдік жоқ. Мен шындыққа жете алмадым. Мен үшін біреу қиналғанын қаламаймын. Жалған жауаптарды алып, жалған куәгерлерді тауып (жатыр-ред.). Жасалған қылмысым болса дәлелдеп берсін, болмаса мені ақтасын. Ақталмасам болып жатқан әділетсіздік үшін өз-өзіме қол жұмсап өміріммен қоштасамын» деп айтты– дейді Бекбатшаева.

 

Әділ Ахытке «жаппай тәртіпсіздікке қатысу» және «ұрлық жасау» баптары бойынша айып тағылған.

Поделиться

Нет комментариев.

05/05/2023 12:27
18443 0

Уведомление